Гүлзина Байғанаева Елеубекқызы 1978 жылы 25 тамызда Сайрам ауданының тыныш, табиғаты бай Ақсу елді мекенінде, қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келді. Ауылдың күндері қарапайым болғанымен, жанға жайлы, табиғаттың қойнауында өтті. Әкесінің еңбекқорлығы мен анасының мейірімділігі оны тәрбиелеп, болашаққа қанаттандырды. Білімге деген құштарлығы жас кезінен-ақ байқалды. 1993 жылы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басар сәтте медициналық мамандықты таңдады. Шымкент медициналық училищесінде оқып, 1996 жылы маусым айында аяжан (медбике) квалификациясын алды. Осы уақыттан бастап, ол өмірін адам денсаулығына қызмет етуге арнады. Ата-анасы – өміріндегі басты бағыттаушылар еді. Әкесі ауыр көлік жүргізушісі болған, өз ісіне адал, еңбекқор жан. Гулзина ханымның отбасына деген махаббаты мен қамқорлығы балаларының жүрегінде мәңгі сақталды. Анасы – көпбалалы отбасының мейірімді анасы, бала тәрбиесі мен үй шаруасына баса мән берген. Бұл ортадан шыққан тәрбиесі Гүлзинаға адалдық пен қайсарлықтың негізін қалады. Алғашқы еңбек жолын Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының «травмотология» бөлімінде бастады. Бұл жерде Гулзина ханым білікті дәрігерлермен бірге жұмыс істеп, тәжірибе жинақтады. Жұмыстағы сәттер мен жауапкершілігі, оның медициналық маман ретінде өсуіне үлкен әсер етті. Қызметтегі жетістігі мен табандылығы оның өмірлік ұстанымдарының айқын бейнесі болды. Гулзина ханым әркез өзіне сенімді болып, қиындықтарға қарсы тұрып, әрдайым білімін жетілдіріп, жаңа белестерге ұмтылды. "Жетістікке жетудің кілті – еңбекте, білім мен қабілеттілікті қатар алып жүруде", – дейді Гүлзина. Өз мамандығына деген сүйіспеншілігі оның әр қадамынан көрініп тұрды. Медицина саласының қиындығы мен қызығы қатар жүретінін түсіне отырып, Гүлзина бұл жолды өз таңдауы ретінде қабылдады. Науқастардың жүзіне күлкі сыйлап, денсаулығын қалпына келтіру – оның басты мақсаты. Күн-түн демей, уақытпен санаспай қызмет ету оның басты міндеті болды. Өмірлік ұстанымы – Абайдың "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым" деген асыл сөздері. Бұл қағидаларды ұстана отырып, ол өмірде қиындықтарға төтеп беріп, әрдайым алға ұмтылды. Гүлзина үшін ең үлкен үлгі тұтар тұлғалар – оның алғашқы еңбек жолындағы әріптестері болды. Алишер Оразалиевич, Мұхан Кеңесбекович сынды білікті дәрігерлер оның медициналық жолда қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ал өмірдің сындарлы сәттерінде Мухаббат Рахматуллаевна апайының жүрегіне ем берген қолдауы мәңгі есте қалды. Отбасы – оның тірегі мен қуанышы. Тағдырдың сынақтарына қарамастан, Гулзина ханым жалғыз басты ана ретінде ұлымен және қызымен бірге өмір сүріп, балаларының болашағын жарқын ету үшін барлық күш-жігерін сарп етті. Бүгінде Гулзина ханым екі немеренің асыл әжесі, өмірдің жаңа белестеріне қадам басып, оларды сүйіспеншілікпен қарсы алуда. Алға қойған мақсаты – адалдық пен еңбекқорлық арқылы өмірде өз жолын тауып, үздіксіз даму. Гүлзина ханым үшін әрбір жаңа күн – армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік.