Ел сыйлаған азамат
Қазақта әулет деген қасиетті ұғым бар. Әдетте үлкен атадан тараған, қара шаң жылы шыраңырақтан бастау алған, тамыры терең алып бәйтеректей өсіп-өнген, құт қонып, береке ұялаған ағайын отбасы бірлігін осылай атайды. Өңірге еңбегімен, қайырымды қасиетімен танылған Бескен атадан тараған ұрпақ бүгінде бір қауым елге, іргелі әулетке айналды. Қазір олар еліміздің байтақ жерінің түкпір-түкпірінде тұрып жатыр. Әрқайсысы жаңа әулеттің негізін қалап, ұрпақ өрбітіп отыр.