Жунусов Даулет Сагиналиевич — медициналық білім мен тәжірибенің шебері, өзінің ұзақ жылдар бойғы еңбегімен халыққа қызмет етіп келе жатқан дәрігер акушер-гинеколог. 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданындағы «Қызыл жол» елді мекенінде дүниеге келген Даулет Сагиналиевич көпбалалы отбасында тәрбиеленді,отбасында 8 баланың сегізіншісі. Әкесі, Жүнісов Сагғынәлі, 1941 жылы Түркістан ауданы Жүйнек ауылында дүниеге келген, 33 жыл бойы Қарнақ совхозында шофер болып жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Анасы, Момбекова Тыныштық, 1946 жылы дүниеге келген, көп балалы батыр ана ретінде танылған, жұмыс жасамаған, қазіргі таңда зейнетте. Даулет Сагиналиевичтің білім жолы да үлгі боларлықтай. 1984-1994 жылдары ауылдағы орта мектепті үздік аттестатпен бітіріп, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына емдеу ісі факультетіне оқуға түсті. 2000 жылы аталған институтты бітіріп, дәрігер мамандығын алды. Сондай-ақ, 2000-2001 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының базасында акушер-гинеколог мамандығы бойынша интернатурадан өтеді. Еңбек жолын 2001 жылдан бастап Кентау қалалық перзентханасында дәрігер акушер-гинеколог ретінде бастаған Даулет Сагиналиевич, 2003-2023 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультетінде, акушерлік іс және гинекология кафедрасының аға оқытушысы болып қосымша ұстаздық қызметте етеді. Ол 2012 жылдан бастап бірінші санатты дәрігер акушер-гинеколог. 2012 жылыХалықаралық Қазақ-Түрік Университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр, ал 2021 жылы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтында Менеджмент мамандығы бойынша «Экономика ғылымдарының магистрі» дәрежесін алады. 2020жылы Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтында қайта даярлықтан өтіп, спорттық медицина мамандығын алған. 2022жылдың наурыз айынан бастап,Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Облыстық дәрігерлік дене-тәрбиесі диспансері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры қызметін атқарып келеді. Оның ғылыми және шығармашылық жұмыстары да кең ауқымды. Даулет Сагиналиевичтің халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде 34 астам ғылыми мақаласы жарияланған және 7 оқу, оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. 2007 жылы Түркия Республикасында GATA университетінің медициналық білім беру орталығында біліктілігін арттырып, медицина мамандарының біліктілігін жетілдіру курсын өткізуге сертификатталған. Медицина саласында қосқан орасан еңбегі мен жеке үлесі үшін, Даулет Сагиналиевич 2017 жылы ҚР ДСМ Е.Біртановтың және 2023 жылы ҚР ДСМ А.Ғиниятқызының алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Кентау қалалық Нұр-Отан партиясының алғыс хатымен марапатталды, сондай-ақ бірнеше рет Кентау қалалық орталық ауруханасы, Қ.А.Ясауи университеті және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарына ие болды. Даулет Сагиналиевичтің басты мақсаты — халыққа қызмет көрсету және өз басқарып отырған ұжымда Түркістан облысының спортшыларының биіктен көрінуіне, спорт саласында жетістіктерге жетуіне үлес қосу. Отбасылық өмірі де толы қуанышқа толы. Үлкен қызы тұрмыста, екі немересі бар. Бір қызы мен бір ұлы студенттер болса, кіші қызы мектеп оқушысы, ал кіші баласы балабақшада. Даулет Сагиналиевич үшін отбасы — өмірінің ең маңызды бөлігі, әрі өз жетістіктерінің басты қозғаушы күшінің бірі. Даулет Сагиналиевичтің өмір жолы мен еңбегі аянбай еңбек ету мен адал қызмет ету арқылы жетістікке жетудің жарқын мысалы болып табылады. Оның үлгі тұтатын тұлғасы Шерхан Муртаза — батырлық, шыншылдық және ұлтқа деген жанашырлықпен танылған тұлға. Қиындық пен қуаныштың қатар жүруі Даулет Сагиналиевичтің жұмысының ерекшелігі болып табылады, ал оның ең үлкен қуанышы — халықтың шынайы ризашылығы мен алғысына бөлену.