Тау тұлғалы азамат
Дүниеде мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Өйткені ол – барлық мамандық иесін тәрбиелеп, өмірге бағыт-бағдар беретін ұлағатты жан. Қара да, хан да басын иетін қадірлі маман иесі. Ал саналы өмірін шәкірт тәрбиелеп, әрбір адамның өміріне жол сілтер шамшырақ бола білген дара тұлғалар сирек. Сондай даралардың бірі де бірегейі, ұстаздардың ұстазы – Рахымберді Оспанов.