Сырдың сұлу Самалы
Ән әлемі – өте нәзік. Оның әрбір иірімін тұла бойыңмен сезініп, жан қалауыңа айналдырғанда ғана көптің жүрегіне жол табасың. Ал түсіне білгенге бұл оңай дүние емес. Барлық өміріңді сарп ететін, үлкен шыдамдылық пен асқан сабырлылықты, мықты талғам мен әсем табиғилықты қажет етеді. Қиын жол, бірақ төзе білгенге оның берер жемісі де тәтті болмақ. Өйткені, халықтың ыстық ілтипатына, зор қошеметіне бөлену баға жетпес байлық емес пе? Міне, осы байлыққа қол жеткізу Самал Жанасылқызына оңай тиген жоқ. Бала кездегі тәтті арманы ата-анасының қолдауымен, өзінің тынымсыз ізденуімен ән әлемінің төріне шығарды.