Антына адал дәрігер
Денсаулық – кез келген адам үшін баға жетпес байлық. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігерлерге халқымыз ежелден құрметпен қараған. Адам жанының арашашысы аталатын ақ халаттылардың еңбегі қашан да зор. Кәсібіне адал, білікті дәрігер әрдайым халықтың ыстық ықыласына бөленеді. Халықтың алғысын алып жүрген сондай білікті дәрігердің бірі – Жангабаева Камшат Ниетбайқызы.