«Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы»
Ақ халатты жандардың сенімді серігіне айналған медбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Дәрігер емінің нәтиже беруі де ең алдымен медбикенің ұқыптылығына байланысты. Осы салада көптеген жыл қызмет еткен Қожамжарова Рахат Әділқызы алдына келген науқастан көмегін аяған емес.