Ән әлемінің серісі – Мақсат
Өнер жолы басқаларға өзіңді үнемі дәлелдеуді талап етеді. Бұл мамандықта артқа қарай шегіну жоқ. Бәйгеге қосқан жүйрік аттай үнемі қамшыланып тұруың керек. Бір уақытта өзіңді босатып жіберсең, көштен қалдың деген сөз. Ал осы көштің ең басында жүруді мақсат еткен Мақсат Мақұлбековтің өнердегі жетістігі аз емес. Асылы, ән салу оған ана сүтімен дарыған болу керек-ті. «Балам, мен жетпеген шыңға сен шық, әншілікті енді өзің кәсіби тұрғыда жалғастыр» деп өнер жолындағы қадамына анасы ақ батасын береді.