Молдакадырова Роза Орынбасаровна

Молдакадырова Роза Орынбасаровна 1973 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары, санаты – педагог-сарапшы.
1979-1990 жылдар аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп қабырғасында 11 жыл оқып, 1990 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің орыс тілі және әдебиеті факультетіне түсіп, 1995 жылы оқытушы квалификациясын алды.
1995 жылы университетті бітіргеннен бастап білім саласында, 1996 жылдан бері бүгінге дейін Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етіп келеді. 2017 жылы Батыс Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау факультетінің қазақ тілі және әдебиеті мамандығын бітірді.
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 29 жыл, Ақтау қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектепте – 28 жыл.
Р.О. Молдакадырова өз еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды.
Р.О. Молдакадырованың әр түрлі басылымдарда 30-ға жуық ғылыми (шығармашылық) еңбегі, Халықаралық, Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда материалдары, республикалық ғылыми-тәжірибелік журнал басылым беттерінде 20-дан астам ғылыми мақаласы жарық көрген. Сонымен қатар, Роза Орынбасаровна халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясыларға қатысқаны жөніндегі алғыс хаттар, республикалық олимпиадалардан бірнеше жүлделі орындарының дипломы мен сертификаттары, Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің алғыс хаттарын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасының алғыс хатын алған.
Маңғыстау облысының әкімінің атынан Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси даумына қосқан белсенді үлесі үшін, Ақтау қаласының әкімінің атынан Ақтау қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталған.
Өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі қол жеткізген жетістіктері мен табыстары үшін Р.О.Молдакадырова Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысынан алғыс хат алған.
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезінде жоғары кәсіби және ұйымдастырушылық деңгей көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасынан алғыс хат алған.
Астана қаласы «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ, ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ» Қоғамдық қорының ұйымдастырылуымен өткен «ХХІ ғасырдағы мамандыққа бейімделу және олардың қызметтік өсуі» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысқаны үшін алғыс хат, «ЛИДЕР-ПЕДАГОГ – 2021» Халықаралық портфолио байқауына қатысқандығы жөнінде сертификат, Республикалық «Ы.Алтынсарин ізбасарлары» ғылыми-тәжірибелік журналында «СҰЛТАН БЕЙБАРЫС – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ БАРЫСЫ» тақырыбында мақала жариялап, педагогикалық ізденістер негізінде озат тәжірибесімен бөліскені үшін журналдың бас редакторының атынан алғыс хат алған.
Сонымен қатар, Р.О.Молдакадырова қазақ тілі мұғалімдері арасында өткізілген республикалық олимпиадаларының бірнеше жүлделі орындарының және сертификаттарының иесі. Ол «Мұғалімнің кәсіби стандарты: білім қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптар» халықаралық тамыз педагогикалық онлайн-концеренциясына қатысқаны үшін сертификатпен, «Білім педагогикалық шығармашылық орталығы», «Ustudy» аймақтық тестілеу орталығы ұйымдастырған «Шығармашыл педагог – 2022» ІІ Республикалық олимпиадаға қатысып, өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Педагогикалық шеберлік орталығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту» біліктілікті арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курсын аяқтады.
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігі атынан шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, білім жүйесіндегі қажырлы еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім берудегі шығармашылық жетістіктері мен кәсіподақ өміріне белсене қатысудағы айрықша еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ» қоғамдық бірлестігі атынан «Білім беру ұйымында келісу комиссиясын құру», «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында оқытудан өткенін растайтын сертификат, «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасы аясында практикалық модульді жүзеге асыруға ұсынылғандығы жөнінде сертификат алған.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен өткізілетін туған жеріміздің таза табиғатын, қоршаған ортасын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қағаз қалдықтарына екінші өмір» жобасында белсенділік танытқаны үшін алғыс хат алған.
Р.О. Молдакадырова оқу үрдісінде оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында жаңа ақпараттық технологияны кең пайдаланады. Кәсіби деңгейін, біліктілігін ұдайы арттыру мақсатында республика шеңберінде ұйымдастырылып жатқан түрлі семинар, курстарға қатысады.
Молдакадырова Роза көпбалалы отбасында тәрбиеленген, анасы ұстаз, әкесі шаруашылық иесі болған. Жанұялы, екі қызы және екі ұлы бар. Іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз жұмысына ынталы, ұжым арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген. Атқаратын қызметіне лайықты, жауапкершілігі жоғары маман иесі.